Елші Өзбекстанның Салық комитетінің төрағасы Фаррух Пулатовпен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б. Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасы Салық комитетінің Төрағасы Фаррух Пулатовтың кездесуі өтті.

Кездесу барысында қарқынды дамып келе жатқан қазақ-өзбек қатынастары аясында салық саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Елші Өзбекстанда салық жүйесін жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан реформаларды, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін жақында енгізілген жеңілдіктерді, сондай-ақ салықтық рақымшылық шараларының тиімділігін атап өтті.

Дипмиссия басшысы Қазақстанда жүргізілген салық саясаты реформалары, соның ішінде әкімшілендіру жүйесін жаңғырту және осы жылдың басынан бастап жаңа Салық кодексінің күшіне енуі туралы хабарлады.

Кездесу барысында салық саласын цифрландыру, электрондық сервистерді дамыту және инновациялық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар шетелдік инвесторларға қатысты салық саясаты, арнайы экономикалық аймақтардың қызметі, сондай-ақ IT Park Uzbekistan резиденттеріне ұсынылатын қолданыстағы преференциялар жөнінде пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша салық саясатының болжамдылығын қамтамасыз ету және бизнес үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында профильдік ведомстволар арасындағы тығыз өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтіліп, екі елдің салық органдары арасындағы тәжірибе алмасуды әрі қарай дамытуға дайындық білдірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1169494?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version