О.Жандосов атындағы орта мектеп ұжымымен Конституция жобасын түсіндіру бойынша кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мойынқұм ауданында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын түсіндіру бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Осыған орай аудан әкімі Е.Карентаевтің төрағалығымен Биназар ауылындағы О.Жандосов атындағы орта мектеп ұжымымен арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – Конституция жобасында көзделген өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнын жан-жақты түсіндіру, олардың ел дамуы үшін маңызын жеткізу және білім саласы қызметкерлерінің реформаларға қатысты көзқарасын айқындау болды. Іс-шара барысында жаңа жобада қарастырылған негізгі бағыттар кеңінен баяндалып, саяси-құқықтық жаңғыртудың басымдықтары атап өтілді.

Жиында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтарының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, қоғамдағы әділдік пен заң үстемдігін нығайту бағытындағы бастамаларға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар Конституциялық реформалардың басты мақсаты – халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен жауапкершілігін арттыру екендігі айтылды.

Аудан әкімі өз сөзінде Конституция – мемлекеттің басты құқықтық тірегі, елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі екенін атап өтті. Ол білім саласы қызметкерлерінің қоғамдағы рөліне тоқталып, ұстаздар қауымы елдегі саяси-құқықтық реформаларға бейжай қарамай, өскелең ұрпаққа заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын сіңіруде маңызды міндет атқаратынын жеткізді. Сондай-ақ қоғамдық пікір қалыптастыруда педагогтердің белсенділігі аса маңызды екені айтылды.

Кездесу барысында мектеп ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді. Қатысушылар Конституция жобасының жекелеген нормаларына қатысты өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Пікір алмасу ашық форматта өтіп, мазмұнды диалог алаңына айналды.

Мойынқұм ауданында Конституциялық реформаларды түсіндіру бағытындағы мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын тауып, түрлі еңбек ұжымдары мен мекемелерде тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1169293?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version