ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫН САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалары тарапынан халыққа берілетін ауыз судың сапасына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №ҚР ДСМ-193/2020 «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сай тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады.

Су факторларымен байланысты аурулардың алдын алу мақсатында басқарманың аумақтық бөлімшелерінде суды тазарту кезеңдерінде, сумен жабдықтау жүйелерінің жай-күйіне және ауыз судың сапасына бұйрыққа сәйкес жүйелі түрде бақылау жүргізіледі.

Облыста 269 елді мекені орталықтандырылған ауыз су құбырынан (1 146 791 адам), яғни халықтың 94,9 % қамтылған. 81 елді мекен немесе облыс халқының 5,1 % орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтамасыз етілген (61 710 мың адам).

10 елді мекені бар 4 ауданда 10 892 адам жер үсті көздерінен ағын суды пайдаланады. Қордай ауданында 5 елді мекен (Күнбатыс – 1, Күнбатыс – 2, Көктөбе, Сұлутөр, Үлкен Сұлутөр ауылдары), Т. Рысқұлов ауданында (Көгершін ауылы), Меркі ауданында (Гранитогорск ауылы) және Мойынқұм ауданында (Балқаш көлінен ішетін елді мекендер: Мыңарал, ст.Мыңарал, ст. Бурылбайтал, Шығанақ, Қияқты, Мирный ауылдары).

Тасымалданатын сумен 350 адам тұратын 2 елді мекен немесе халықтың 0,1%, олар Мойынқұм ауданының Ақбақай ауылы, Қашқантеңіз станциясының тұрғындары қамтылған. Ауыз су Шу станциясынан теміржол арқылы жеткізіледі.

2024 жылы орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінен микробиологиялық көрсеткіштерге су құбыры суының 4626 сынамасы зерттелді, 21 сәйкес келмейді немесе 0,4%. Талас ауданында микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес емес су сынамалары анықталды, жалпы микробтық саны, жалпы колиформды бактерия бойынша. Санитариялық-химиялық көрсеткіштерге су құбыры суының 5931 сынамасы зерттелді, 323 сәйкес келмейді немесе 5,4%. Химиялық көрсеткіштер бойынша Байзақ, Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандарында лайлылығы, түстілігі, иісі, құрғақ қалдық, жалпы қаттылық, темір, сульфаттар, хлоридтер анықтылды. Жергілікті атқарушы органдарға сәйкес келмейтін сынамалар бойынша ақпарат жолданып, жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша тұрғындармен жиындар өткізілді.

Аумақтық басқармалардың мамандары санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг аясында тұрақты түрде су зерттеулерін жүргізеді. Сумен жабдықтау көздерімен байланысты жұқпалы аурулар жағдайлары тіркелген жоқ.

Су тасқыны кезеңінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығының жай-күйін бақылау бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізілуде. Су жолымен берілетін жұқпалы ауруларды анықтау үшін, жұғу жолдарын белгілей отырып, жұқпалы ауруларды тіркеуге апта сайын мониторинг жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1169294?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version