Қазақстан теміржол инфрақұрылымын жаңғыртып, транзиттік әлеуетін күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көлік министрлігі Мемлекет басшысының транзиттік тасымал көлемін                 55 млн тоннаға жеткізу жөніндегі тапсырмасын іске асыруды жалғастыруда.

«2026 жылы теміржол көлігімен тасымалдардың жалпы көлемін 343,6 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр (2025 жылғы көрсеткіш 320 млн тонна). Бұл саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, елдің транзиттік әлеуетін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді», — деді Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Теміржол инфрақұрылымын дамыту аясында Қызылжар – Мойынты жаңа теміржол желісінің құрылысы, Алтынкөл – Жетіген және Бейнеу – Маңғыстау теміржол учаскелерін жаңғырту, сондай-ақ пойыздар қозғалысын басқарудың заманауи жүйелерін енгізу жалғасуда. Жобаларды 2026 жылы аяқтау жоспарланған.

2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол желісін жөндеу көзделген. 2023–2025 жылдары 4,3 мың шақырымнан астам жол жаңартылды, 2026 жылы тағы 1 557 шақырымды қамту жоспарланып отыр.

Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға ерекше назар аударылуда. 2026 жылы су көлігімен тасымал көлемін 11,4 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда (2025 жылғы көрсеткіш 9,5 млн тонна), оның ішінде ТМТМ бойынша — 5,2 млн тоннаға дейін.

Курык және Актау порттарында түбін тереңдету және айлақ инфрақұрылымын жаңғырту жобалары жүзеге асырылуда, жаңа контейнерлік терминалдар салынуда. 2028 жылға дейін қазақстандық сауда флотының санын 32 кемеге дейін ұлғайту жоспарланған.

2026 жылы 236 локомотив пен 1 373 фитингтік платформа жеткізу көзделген. Теміржол көлігіндегі жолаушылар ағынын 21 млн адамға дейін арттыру жоспарлануда, 191 жолаушылар вагоны жеткізіледі деп күтілуде. Stadler Rail компаниясымен ынтымақтастық аясында 2030 жылға дейін жоғары жайлылықтағы 557 заманауи вагон сатып алу қарастырылған.

Теміржол вокзалдарын ауқымды жаңғырту жалғасуда: 46 нысан бойынша жұмыстар аяқталу сатысында, 19 вокзалда жаңғырту жұмыстары толық аяқталған.

Президент тапсырмаларының орындалуы тұрақты бақылауда. Инфрақұрылымды жүйелі жаңғырту саланың орнықты дамуын қамтамасыз етіп, Қазақстанның халықаралық көлік байланыстарын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1169455?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version