Станционный кенті әкімі аппараты қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қоғам сенімін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Дөңгелек үстелге қатысқан аппарат қызметкерлері өз ойларымен бөлісіп, жемқорлықтың қоғам дамуына тигізер кері әсерін атап өтті. Сондай-ақ, ашықтық пен әділдік қағидаттарын сақтау, азаматтардың өтініштеріне жедел әрі сапалы жауап беру – мемлекеттік қызметтің басты міндеті екені айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kokshetau-stantsionnyi/press/news/details/1169479?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау