ТЖБ еске салады: шатырлардан қар түсіп, мұздың құлауы
Ғимараттардың шатырынан қардың түсу қаупі төнген кездегі негізгі ұсынымдар мен сақтық шаралары:
- қар түсуі мүмкін үйлердің шатырына жақындамаңыз, мұндай жерлерде балалардың болуына жол бермеңіз;
- көліктерді карниздерінде мұз қатқан және қар тұрған құрылыстарға жақын қалдырмаңыз;
- қауіпті жердің қоршауы болған кезде қоршаудан өтіп кетпеңіз, қауіпті жерлерді басқа жолмен айналып өтіңіз;
- құлаққаптарды қолдаңбаңыз, төбеден құлап жатқан қардың шуын естімейсіз.
Назар аударыңыз! Егер табанжолмен жүріп бара жатқанда сіз төбеде күмәнді шу естіген болсаңыз – тоқтамаңыз. Бәлкім, бұл қардың немесе мұздың құлауы болар. Ғимараттан қашуға да болмайды. Тезірек ғимараттың қабырғасына жақындап тұрыңыз, шатырдың күнқағары бүркеме қызметін атқарады.
Күршім ауданының ТЖБ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/1168779?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау