ТЖБ еске салады: шатырлардан қар түсіп, мұздың құлауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТЖБ еске салады: шатырлардан қар түсіп, мұздың құлауы

 

Ғимараттардың шатырынан қардың түсу қаупі төнген кездегі негізгі ұсынымдар мен сақтық шаралары:

  • қар түсуі мүмкін үйлердің шатырына жақындамаңыз, мұндай жерлерде балалардың болуына жол бермеңіз;
  • көліктерді карниздерінде мұз қатқан және қар тұрған құрылыстарға жақын қалдырмаңыз;
  • қауіпті жердің қоршауы болған кезде қоршаудан өтіп кетпеңіз, қауіпті жерлерді басқа жолмен айналып өтіңіз;
  • құлаққаптарды қолдаңбаңыз, төбеден құлап жатқан қардың шуын естімейсіз.

Назар аударыңыз! Егер табанжолмен жүріп бара жатқанда сіз төбеде күмәнді шу естіген болсаңыз – тоқтамаңыз. Бәлкім, бұл қардың немесе мұздың құлауы болар. Ғимараттан қашуға да болмайды. Тезірек ғимараттың қабырғасына жақындап тұрыңыз, шатырдың күнқағары бүркеме қызметін атқарады.

 

Күршім ауданының ТЖБ

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/1168779?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді