🔰 АТАМЕКЕН: ШЕТЕЛ ЖҰМЫС КҮШІН ЗАҢДЫ ТАРТУ – ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ НЕГІЗІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Түркістан облысы филиалының ұйымдастыруымен шетел жұмыс күшінің заңдылық талаптары және жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының маңыздылығы бойынша Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Білім беруді және медицинаны дамыту салалық кәсіпкерлер кеңесі өтті.
 
Кеңеске Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Құралбаев Бақытжан Ермекұлы, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Төлебеков Маханбет Шалқарұлы, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлы, департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Биділдә Ербол Серікбайұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Абдуллаев Руслан Мұратұлы, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мирова Күміскүл Кемелқызы, Түркістан облысының полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Смагул Аида Бахытбекқызы және Түркістан қаласында орналасқан жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарттарын жасамаған кәсіпорын иелері қатысты.
 
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік қызметкерлерге қатысты еңбек қатынастары ұлттық заңнама талаптарына сәйкес реттеледі. Бұл талаптар шетел жұмыс күшін тарту кезінде жұмыс берушінің жауапкершілігін арттырып, қызметкерлердің құқықтарын тең дәрежеде қорғауды көздейді. Заң талаптарын орындау – еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы сенімді әрі қауіпсіз ынтымақтастықтың негізін қалыптастырады.
 
Осы орай, Департамент басшысының орынбасары Мұрат Сағынұлы шетел жұмыс күшін тарту кезінде рәсімделуі тиіс заңдылық талаптары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары, және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының маңыздылығы туралы баяндама жасады.
 
Сондай-ақ, осы мақсатта ұйымдастырылып отырған аталмыш кеңесте қатысушы лауазымды тұлғалар көтерілген мәселе бойынша баяндамалар жасап, өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға құзыреттілігіне қарай жауаптар беріліп, ұсыныстар тыңдалды.
 
Шетелдік қызметкерлер де Қазақстан азаматтарымен тең дәрежеде еңбек қауіпсіздігіне және әлеуметтік қорғалуға құқылы. Осыған байланысты жұмыс беруші қызметкерді еңбек міндеттерін орындау кезінде орын алуы мүмкін жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыруға міндетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1170144?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version