Бұл күні еліктер мен қабандар адамдарды өз мекенінде жатсынбай қарсы алды. Ақпан айындағы мол жауын-шашын шөпқоректі жануарлар санына қауіп төндірді: оларға қар астынан азық табу қиындай түсті. Популяцияны сақтау мақсатында Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында қосымша азықтандыру шаралары ұйымдастырылды.
Уваков орман-аңшылық шаруашылығының қызметкерлері, «Булаев орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары және табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері орман алқаптарындағы қоректендіру орындарын шөппен, астық қалдықтарымен, дәнмен, оның ішінде арпамен, жапырақты ағаштардың кептірілген бұтақтарымен толықтырды. Сондай-ақ жануарларға арналған арнайы престелген тұз қойылған азықтандыру нүктелері орнатылды.
Осындай бірлескен жұмыс жануарлар санын сақтауға және өңірдің экологиялық тепе-теңдігін қолдауға мүмкіндік береді. Полицейлердің айтуынша, жануарлар әлемін қолдау — Солтүстік Қазақстан облысы қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған ортақ жұмыстың маңызды бөлігі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1170142?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау