Петропавлда облыстық полицияның аға офицерлері мектеп оқушыларымен кездесіп, өмірді, мүлікті және жеке қадір-қасиетті қорғау жолдары жөнінде нақты кеңестер берді. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасарлары Марат Жұмалиев пен Қайрат Қасымбеков «Дарын» мектеп-лицейі мен №9 мектептің 7–11 сынып оқушыларымен жүздесті.
Қазіргі заманда «веб-гигиенаны» сақтау ерекше маңызды. Интернет — пайдалы құрал, алайда оны сақтықпен қолдану қажет. Жеке деректер — қауіпсіздік, фотосуреттер — бедел, ал хат алмасу — цифрлық із екенін есте ұстаған жөн. Желіде абайсыз жарияланған кез келген сөз, фото немесе бейнематериалды қаскөйлер бопсалау немесе алдау мақсатында пайдалануы мүмкін.
Полиция қызметкерлері «жеңіл табыс» туралы ұсыныстарға сенбеу керектігін атап өтті, өйткені мұндай ұсыныстар есірткі таратушылардан немесе интернет-алаяқтардан түсуі мүмкін. Сондай-ақ буллингті әзіл ретінде қабылдамау, жолдан өтерде құлаққапты шешіп, телефонды пайдаланбау қажеттігі айтылды. Кездесулер барысында түрлі алдын алу тақырыптары қамтылды. Профилактикалық жұмысқа полицияның барлық қызметтерімен қатар басшылық құрамдағы аға офицерлер де қатысуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1170140?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау