2026 жылы Талдықорған қаласы Үй жануарларын ұстау және серуендету ережелері негізінде рейдтік іс-шара өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласының ветеринариялық станциясының мамандары мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп 2026 жылы Талдықорған қаласы Үй жануарларын ұстау және серуендету ережелері негізінде рейдтік іс-шара өткізді.
Үй жануарлары иелеріне Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Үй жануарларын ұстау және серуендетудің типтік ережелерін бекіту туралы» 2022 жылғы 20 мамырдағы №168 бұйрығы негізінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 140 жадынама таратылды.
Ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 407 2-бап 1-тармағы бойынша 8 жеке тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan-otenai/press/news/details/1170415?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version