Шу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудан тұрғындарына өрт, жер сілкінісі және су тасқыны кезінде қауіпсіздік шаралары бойынша үгіт-насихат жұмыстарын өткізді. Іс-шара барысында тұрғындарға әр төтенше жағдайға сәйкес не істеу керектігі, қауіпсіз орындарды таңдау, алғашқы көмек көрсету және материалдық құндылықтарды қорғау жолдары түсіндірілді. Қызметкерлердің айтуынша, тұрғындарды алдын ала ақпараттандыру және қауіпсіздік дағдыларын үйрету – төтенше жағдайлардан туындайтын зардаптарды азайтуға бағытталған маңызды шара. Шу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі барлық тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға және төтенше жағдайларға әрдайым дайын болуға шақырады.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1170416?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау