Бәйдібек аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері мен тиісті сала басшылары қатысты.
Отырыста 2026–2028 жылдарға арналған аудан бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі қаралып, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мейрамкүл Тұрымбекова негізгі түзетулер мен басым бағыттарды таныстырды.
Сондай-ақ Шаян ауылдық округінің әкімі Жамбыл Көрікбаев 2025–2026 жылдары атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы міндеттерге тоқталды.
Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе – ауданішілік тұрақты бағыттарда жолаушылар тасымалы тарифін белгілеу болды. Бұл бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Азизханов тиісті ұсыныстарды ұсынды.
Жиын қорытындысында қаралған мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің ұсынымдары қабылданды.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1170421?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау