«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларға ден қоюға күштер мен құралдарды дайындыққа келтірудің кезеңдерін дәйекті түрде пысықтаумен кешенді практикалық іс-шаралар өткізілді.
Саптық байқау аяқталғаннан кейін бөлімшелер жедел түрде күштерді қайта топтастыру үшін автоколонналар жасақтауға кірісті.
Су тасқыны аймағындағы топтастыруды күшейту мақсатында Солтүстік Қазақстан облысына шартты түрде жіберілетін автоколонна құрылды. Колоннаның қозғалысы, басқарылуы, сондай-ақ жол және қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимыл мәселелері пысықталды.
Сонымен қатар инженерлік және арнайы техника Батыс Қазақстан облысындағы шартты зардап шеккен өңірге жөнелту үшін теміржол платформаларына тиелді. Іс-шара барысында техниканы қауіпсіз тиеу, бекіту және тасымалдау кезінде сүйемелдеуді ұйымдастыру бойынша әрекеттер пысықталды.
Бір мезгілде Абай ауданының Самар ауылдық округіне қарасты «Огороды» бөлімшесінде қорғаныс бөгетін нығайту бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді. Су басу қаупі бар аймақтардан халықты эвакуациялау ұйымдастырылып, зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункті ашылды. Пунктте азаматтарды тіркеу, тамақтандыруды ұйымдастыру, медициналық тексеру және алғашқы көмек көрсету қамтамасыз етілді.
Қарағанды облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1170422?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау