Астана қаласындағы №109 жалпы білім беретін мектептің белсенді оқушылары «Бір игі іс – жануарларға қамқорлық» атты қайырымдылық іс-шарасының аясында жануарларға арналған баспанаға барды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Оқушыларды қайырымдылық жасауға үндейтін іс-шараға білім беру мекемесінің Парламент мүшелері, еріктілер тобы және сынып жетекшілері белсене қатысты. Оларды мекеме қызметкері Дарья Севостьянова жылы шыраймен қарсы алды.
«Мұндағы мысықтардың біразы жақында қабылданды, кейбірі түрлі аурулары мен жарақаттарына байланысты емделіп жатыр немесе зарарсыздандыруды және кастарцияны күтуде. Ал зарарсыздандырылған, кастрацияланған жануарлар қалпына келтірілуде. Толықтай жазылған кезде олар дені сау үй жануарларымен бірге өзге де мысықтар тұратын жалпы бөлмедегі торға орналастырылады», – деді Дарья Владимировна.
Акция барысында оқушылар мен ұстаздар тарапынан үй жануарларына арналған азық-түлік, күтім құралдары және қажетті жабдықтар жиналды. Жиналған көмектер қаладағы жануарларды қорғау ұйымына табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1170233?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау