2026 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалығымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.Отырысқа Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, министрліктің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік әріптестер қатысты.Министр өз баяндамасында Мемлекет басшысы мен Үкіметтің азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға, әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтуге және халықтың әл-ауқатын нығайтуға бағытталған тапсырмалары жүйелі түрде және кезең-кезеңімен іске асырылып жатқанын атап өтті.Сондай-ақ әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтары айқындалып, еңбек саласын одан әрі жетілдіру бағыттары белгіленді.Алқа отырысының қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған нақты міндеттер бекітіліп, оларды іске асыру жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1170232?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау