Қылмыскерлерден қорғану: полицейлер қауіпсіздік сабақтарын өткізуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

СҚО ПД Есіл ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Руслан Мұхамбетжанов Петров аграрлық-техникалық колледжінің студенттерімен және Т. С. Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебінің оқушыларымен кездесті.

Қауіпсіздік сабақтарында жасөспірімдерге нақты мысалдар арқылы қылмыстық қол сұғушылықтан қалай қорғану керектігі түсіндірілді. Кездесулердің негізгі мақсаты — қырағылық таныту және туындаған мәселелер туралы үнсіз қалмау. Полицей кез келген қауіп төнген жағдайда бірден ата-аналарға, мұғалімдерге немесе полицияға жүгіну қажеттігін ерекше атап өтті.

Мұндай кездесулер облыстың барлық аудандарында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында тұрақты түрде өткізіледі. Оның мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпті жағдайларды тануға үйрету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1170118?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version