ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшы міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкілі Жанерке Алмасқызының төрағалығымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің маманы Сәкен Жумаевтің қатысуымен лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділіктің) алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинар барысында лудоманияның қоғамға және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына әсері, оның алдын алу жолдары, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1171603?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау