Облыстық және аудандық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелері Түймекент орта мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында облыстық жалпыұлттық коалиция мүшесі А.Райқұлов пен аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері И.Спаналиева, Е.Ермеков, Ж.Аруанов Конституциялық өзгерістердің мазмұны мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, білім саласына қатысты бастамалар жан-жақты талқыланды. Коалиция мүшелері жаңа өзгерістердің әділетті қоғам құрудағы рөліне тоқталып, ұстаздардың ел болашағын тәрбиелеудегі жауапкершілігін ерекше атап өтті.
Педагогтар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасу алаңында белсенділік танытты. Ашық әрі мазмұнды өткен жүздесу барысында референдумға қатысудың маңыздылығы айтылып, барша азаматтарды ел келешегі үшін маңызды шешімге атсалысуға шақыру үндеуі жасалды.
Ұстаздар қауымымен өткен мұндай кездесулер – қоғамдағы бірлік пен ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1171604?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау