Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев білім беру мекемелері ұжымдарымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиевтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын кеңінен түсіндіру мақсатында аудан аумағындағы білім беру мекемелерінің ұжымдарымен кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – елімізде ұсынылып отырған конституциялық реформалардың мазмұнын педагог қауымға жан-жақты жеткізу, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мәнін түсіндіру және олардың қоғам өміріне тигізер ықпалын талқылау болды.

Жиын барысында Конституция жобасында қарастырылған негізгі бағыттар кеңінен баяндалды. Атап айтқанда, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайту, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту мәселелері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Ұсынылып отырған өзгерістердің қоғам дамуына серпін беріп, әділетті әрі ашық мемлекет қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді.

Өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары реформалардың ел болашағы үшін стратегиялық маңызға ие екенін жеткізіп, білім беру саласы қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі ерекше екенін айтты. Ұстаздар қауымы – жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беріп қана қоймай, азаматтық құндылықтарды қалыптастыратын негізгі күш екені атап өтілді. Сондықтан Конституция жобасын түсіндіру мен оның маңызын насихаттауда педагогтердің белсенділігі аса маңызды екені айтылды.

Кездесу барысында білім беру мекемелерінің қызметкерлері өз ой-пікірлерін ортаға салып, Конституция жобасының жекелеген нормаларына қатысты сауалдарын қойды. Барлық сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.

Жиын қорытындысында қатысушылар ұсынылып отырған конституциялық реформалардың маңыздылығын атап өтіп, елдің тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды қолдайтындарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1173970?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version