Бүгін Жастар ресурстық орталығы ғимаратында «Отбасы – бақыт мекені» атты мазмұнды форум өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев , аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров және аудан прокуроры Дабыл Аянұлы қатысып, отбасы құндылықтарының қоғамдағы маңызы жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.
Форум барысында аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Пердебайұлы отбасы құндылықтарын насихаттаудағы елеулі еңбегі мен азаматтық ұстанымы үшін бірнеше азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Бұл – қоғамдағы үлгілі азаматтарға көрсетілген құрмет және отбасы институтын қолдауға қосылған маңызды қадам.
Кездесуде спикерлер отбасы – мемлекеттің тірегі, ұлттың ұйытқысы екенін атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылар отбасыдағы сыйластық пен өзара түсіністіктің берекелі өмірдің негізі екенін талқылады. Форум аясында жастар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.
«Отбасы – бақыт мекені» атты шара берік отбасы – берекелі қоғам қалыптастырудың басты шарты екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау