БЕРІК ОТБАСЫ – БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿Бүгін Жастар ресурстық орталығы ғимаратында «Отбасы – бақыт мекені» атты мазмұнды форум өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев , аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров және аудан прокуроры Дабыл Аянұлы қатысып, отбасы құндылықтарының қоғамдағы маңызы жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.
 
✅Форум барысында аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Пердебайұлы отбасы құндылықтарын насихаттаудағы елеулі еңбегі мен азаматтық ұстанымы үшін бірнеше азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Бұл – қоғамдағы үлгілі азаматтарға көрсетілген құрмет және отбасы институтын қолдауға қосылған маңызды қадам.
 
✅Кездесуде спикерлер отбасы – мемлекеттің тірегі, ұлттың ұйытқысы екенін атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылар отбасыдағы сыйластық пен өзара түсіністіктің берекелі өмірдің негізі екенін талқылады. Форум аясында жастар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.
 
✅«Отбасы – бақыт мекені» атты шара берік отбасы – берекелі қоғам қалыптастырудың басты шарты екенін тағы бір мәрте көрсетті.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1173971?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді