Отырысты Алтай ауданы әкімінің орынбасары Аскарова Ж.А. төрағалық етті. Жиынға прокуратура, әкімдік, полиция, білім бөлімі өкілдері және мектеп басшылары қатысты.
Отырыста ата-аналардың (заңды өкілдердің) балаларды тәрбиелеу және асырау жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі және міндетті білім алу мәселелері қаралды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыты екені атап өтіліп, ведомствоаралық өзара іс-қимылды және профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігі айтылды. Қорытындысы бойынша жауапты органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1174508?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау