2026 жылғы 3 наурызда ШҚО ББ «Серебрянск қаласының №2 негізгі мектебі» КММ-де оқушыларға арналған жасөспірімдер қылмысының, алкоголь мен темекі шегудің алдын алуға, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық дәріс өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға әкімдік, прокуратура, білім бөлімі, медицина қызметі және отбасыны қолдау орталығының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормалары түсіндіріліп, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, құқық бұзушылықтардың салдары және психоактивті заттардың зияны туралы айтылды. Жеке қауіпсіздікті сақтау және қауіп туындаған жағдайда педагогтарға, ата-аналарға және құзыретті органдарға дер кезінде жүгіну қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1174509?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version