Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Наурыз 4, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Ақтөбе облысындағы су қоймаларында тасқынға дайындық шаралары жүргізіліп жатыр

Жарияланды:

04/03/2026 14:40

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы «Қазсушар» РМК филиалы Ақтөбе, Қарғалы және Сазды су қоймаларын көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау бойынша бірқатар іс-шара жүргізді. Қазіргі таңда өңірдегі үш ірі су қоймасында тасқын суды қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін жеткілікті бос сыйымдылық қамтамасыз етілді.

Атап айтқанда, Ақтөбе су қоймасында 58% немесе 141 млн текше метр, Қарғалы су қоймасында 68% немесе 192 млн текше метр, ал Сазды су қоймасында 61%, яғни 4,5 млн текше метрден астам бос сыйымдылық бар.

Бұған дейін осы үш нысанда да көпфакторлы кешенді тексерулер жүргізілген болатын. Олардың қорытындысы бойынша қауіпсіздік декларациялары әзірленді. Сонымен қатар пайдалануға берілген сәттен бері алғаш рет Ақтөбе және Сазды су қоймаларында кешенді реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. 

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында барлық үш су қоймасында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің орталық басқару пультімен біріктірілген жергілікті хабарлау жүйелері жұмыс істейді. Бұған қоса, осы жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз етуі жаңартылып, қосымша радиостанциялар сатып алынды.

«Филиалымыз тасқын қаупінің алдын алуға және оның салдарын азайтуға бағытталған кешенді алдын алу шараларын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Стратегиялық маңызы бар нысандарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, режимдік және күзет шаралары қамтамасыз етілген. Барлық су шаруашылығы нысанында инертті материалдар дайындалған, сондай-ақ жанар-жағармай қоры бар резервтік дизель генераторлар қарастырылған. Қазіргі уақытта барлық су қоймасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, су шаруашылығы жағдайы тұрақты бақылауда», – деді «Қазсушардың» Ақтөбе облысындағы филиал директоры Ринат Шауенов.

 
 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/1174634?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды
Next: Өңірде су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілді→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version