Бүгін ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спорт резерві әдістемелік қамтамасыз ету және ғылым басқармасының басшысы Ермек Қоспанов пен жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында «Заң және тәртіп» қағидатын қоғамда нығайту мәселесі талқыланды. Іс-шара барысында құқықтық мемлекетті қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтық жауапкершілікті арттыру жайы қозғалды.
«Спорт – тәртіп пен жауапкершіліктің мектебі. Ережеге бағыну – жеңістің кепілі. Қоғамда заңды құрметтеу – тұрақтылық пен дамудың негізі», – деді Қоспанов Ермек Қайроллаұлы.
«Жоғары нәтижеге жету үшін спортшы күн сайын тәртіпке сүйенеді. Қоғам да заңға сүйенуі тиіс. Заңды құрметтеу – ортақ жауапкершілік», – деп атап өтті Дмитрий Баландин.
Кездесу аясында болашақ чемпиондармен спорт пен тәртіптің маңызы талқыланып, заңға құрмет мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1174636?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау