Ведомствоаралық сараптамалық топтың жұмыс жоспарына сәйкес аудан мектептерінде тамақтануды ұйымдастыруға бақылау жүргізу іс-шаралары жалғастырылды.
2026 жылғы 3 наурызда білім бөлімінің бас маманы Рогожина О.А. «Чапаево орта мектебі» КММ, «Никольск орта мектебі» КММ, «Бородино орта мектебі» КММ асханаларына барды.
Мониторинг барысында ас блогы мен асханалардың санитариялық жағдайына бағалау жүргізіліп, азық-түлікті сақтау шарттары және олардың жарамдылық мерзімдерінің сақталуы тексерілді. Қызметкерлердің санитариялық талаптар мен жеке гигиена қағидаларын сақтауына ерекше назар аударылды.
Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру сапасына бақылау жоспарлы тәртіпте жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altai-roo/press/news/details/1174625?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау