Санаулы секундтарда есеп жүреді – бұл біздің басты міндетіміз

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Динара Түсіпбаева – Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел басқару орталығының Өрт байланысының орталық пунктінің аға диспетчері. Төтенше жағдайларды жоспарлау және жедел басқару жүйесінде 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Динара Түсіпбаева азаматтардан төтенше жағдайға тап болған сәттерде мыңдаған қоңыраулар қабылдаған.
«Ең күрделі өрт өткен жазда қоймада болды. Өрт сөндірушілер жалынның таралмауы үшін жедел жұмыс істеді. Мен диспетчер ретінде барлық маңызды ақпаратты қабылдап, оны дереу тиісті бөлімшелерге бағыттап отырдым. Сондай-ақ жуырда Өскемен қаласында пәтер өртке оранып, иесінің үйі мүлкімен бірге түгелдей жуық жанып кетті. Өртті ауыздықтау үшін бірнеше сағат қажет болды. Менің ауысымым күштер мен құралдарды дер кезінде бағыттауды қамтамасыз етті.
Біз өртті тікелей сөндіруге қатыспасақ та, диспетчерлер елеулі үлес қосады. Себебі сауатты әрекет ету өрттер мен төтенше жағдайларды жоюда шешуші рөл атқарады. Ақпаратты жедел жинап, топтарға дер кезінде жеткізу, секундтар санаулы болғанда бәріне үлгеру – біздің басты міндетіміз», – дейді Динара.
«Мен өз мамандығымды жақсы көремін, жұбайым мен отбасым әрдайым қолдау көрсетеді. Бос уақытымда видеомонтажбен айналысып, ас әзірлегенді ұнатамын».
                                                                                         

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1174626?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version