Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс LХ сессиясы өтеді
Өтетін күні/уақыты: 2026 жылғы 10 наурыз, сағат 10.30.
Өтетін орыны: Қонаев қаласы, 1-ықшамаудан, №28а, қалалық кітапхананың мәжіліс залы.
2026 жылғы 10 наурыз, сағат 10.30-да Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс LХ сессиясы өткізіледі.
Күн тәртібінде:
- Қонаев қаласы мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы «Қонаев қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» № 56-190 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. / Баяндайтын: Л. Келдібекова – «Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- «Қонаев қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы» бірлескен шешім мен қаулының күші жойылды деп тану туралы. / Баяндайтын: Б. Алиев – «Қонаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- Қонаев қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы. / Баяндайтын: Б. Алиев – «Қонаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- Қонаев қаласы мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы «Қонаев қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» № 54-181 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. / Баяндайтын: И.Шокпаров – Қонаев қаласы әкімі аппаратының заң бөлімі басшысының м.а.
- Қонаев қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясы құрамын бекіту туралы. / Баяндайтын: Д. Майсабеков – «Қонаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Жұмылдыру дайындығы, мемлекеттік құпияларды қорғау, терроризмге қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылық профилактикасы бөлімінің басшысы.
- Қонаев қаласы мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы. / Баяндайтын: Е. Лепесбаев – «Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қалалық комиссия құрамын бекіту туралы. / Баяндайтын: Е. Лепесбаев – «Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- Қонаев қаласының мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі «Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерін қарау бойынша» № 10-36 шешіміне өзгеріс енгізу туралы./ Баяндайтын: П. Мутталғазы – «Қонаев қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1175586?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау