АҢДАТПА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс LХ сессиясы өтеді

Өтетін күні/уақыты: 2026 жылғы 10 наурыз, сағат 10.30.

Өтетін орыны: Қонаев қаласы, 1-ықшамаудан, №28а, қалалық кітапхананың мәжіліс залы.

2026 жылғы 10 наурыз, сағат 10.30-да Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс LХ сессиясы өткізіледі.

Күн тәртібінде:

  1. Қонаев қаласы мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы «Қонаев қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» № 56-190 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. / Баяндайтын:  Л. Келдібекова – «Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
  2. «Қонаев қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы» бірлескен шешім мен қаулының күші жойылды деп тану туралы. / Баяндайтын: Б. Алиев – «Қонаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
  3. Қонаев қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы. / Баяндайтын: Б. Алиев – «Қонаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
  4. Қонаев қаласы мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы «Қонаев қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» № 54-181 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. / Баяндайтын: И.Шокпаров – Қонаев қаласы әкімі аппаратының заң бөлімі басшысының м.а.
  5. Қонаев қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясы құрамын бекіту туралы. / Баяндайтын: Д. Майсабеков – «Қонаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Жұмылдыру дайындығы, мемлекеттік құпияларды қорғау, терроризмге қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылық профилактикасы бөлімінің басшысы.
  6. Қонаев қаласы мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы. / Баяндайтын: Е. Лепесбаев – «Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
  7. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қалалық комиссия құрамын бекіту туралы. / Баяндайтын: Е. Лепесбаев – «Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
  8. Қонаев қаласының мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі «Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерін қарау бойынша» № 10-36 шешіміне өзгеріс енгізу туралы./ Баяндайтын: П. Мутталғазы – «Қонаев қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1175586?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді