Ауыл еңбегі – заң қорғауында: Аққулы ауданы тұрғындарымен диалог

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          Аккулы ауданның Тақыр және Баймолдин ауылдарында Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің ауыл тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуі өтті.
Талқылаудың басты тақырыбы – аграрлық сала үшін аса өзекті болып табылатын қауіпсіз еңбек жағдайлары, әділ еңбекақы және әлеуметтік қорғау жөніндегі конституциялық кепілдіктер болды. Қатысушылар ауыл шаруашылығында техниканы жаңғырту, еңбек қауіпсіздігін күшейту, өндірістік жарақаттануды азайту және жұмыспен қамтуды заңдастыру қажеттігін атап өтті.
          Сондай-ақ ауыл еңбеккерлерінің тұрақты табысы, зейнетақы жинақтары мен медициналық сақтандыру мәселелеріне, жастарды ауылға тарту және тұрақтандыру үшін лайықты жағдай жасауға ерекше назар аударылды.
          Кездесу ашық диалог форматында өтті: тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, сұрақтарын қойды. Олар коалицияның алдағы жұмысында ескерілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-akkuly/press/news/details/1175419?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version