Приозерск қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXIX сессиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

VIII шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXIX сессиясы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары Айдарханов Темірхан Айдарханұлы, Алмас Ұлан Алмасұлы және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, депутаттардың 2025 жылы әкімдікке жолдаған депутаттық сауалдарының орындалуы туралы есеп тыңдалды. Қала әкімінің орынбасары депутаттық сауалдар бойынша жан-жақты баяндама жасады. Депутаттар өз кезегінде пікірлерін білдіріп, бірқатар нақты ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар, Приозерск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/260 «Приозерск қаласының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Ұсынылған өзгерістер қала бюджетінің шығыс бөлігін нақтылау, әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мақсатында әзірленгені атап өтілді. Талқылау барысында депутаттар ұсынылған түзетулерді жан-жақты қарап, қаржылық тәртіптің сақталуы мен бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты игерілуіне ерекше назар аударды. Сессия соңында қала әкімінің орынбасары Айдарханов Темірхан Айдарханұлы депутаттарға бірлескен жұмыс үшін алғысын білдірді. Сессия қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаттары ұсынылған барлық мәселелерді бірауыздан қолдап, тиісті шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1175418?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version