Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметов жеке қабылдау өткізді. Сонымен қатар, қала тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтармен Басқарма бөлімдерінің басшылары мен мамандарының қабылдауында болды.
Естеріңізге сала кетейік, әр сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін мамандардан сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар. Тұшымды жауап алу үшін өздеріңізбен бірге мәселеңізге қатысты құжаттарыңыз болған дұрыс.
Басқарма бөлімдерінің басшылары мен мамандары тұрғындарды алдын ала жазылусыз қабылдайды.
Басқарма басшылығының жеке қабылдауына 55-69-57 телефон нөмірі арқылы жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін алдын ала жазылу қажет.
Instagram парақшамызда әр бөлімше қандай сұрақтар бойынша жауап беруге құзыретті екендігі туралы ақпарат берілген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saulet/press/news/details/1175740?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау