«Д» және «Е» санатындағы отбасыларды азайту жөнінде кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 4 наурызында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Каюповтың төрағалығымен «Д» және «Е» санатындағы отбасыларды азайту жөнінде кеңес өтті.
Кеңеске облыстық басқарма басшылары, Орал қаласы және аудан әкімдері, әкім орынбасарлары, Орал қаласы және барлық аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары қатысты.
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ж.Абдолов «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі отбасыларды «дағдарыс» және «мүшкіл» (Д, Е) санаттарынан неғұрлым қолайлы санаттарға ауыстыру туралы баяндама жасады.
Кеңеске қатысушылар туындаған мәселелер бойынша сұрақтарды талқылап, облыс әкімінің орынбасары күн тәртібіне сәйкес бірқатар тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-social/press/news/details/1175745?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version