Облыс әкімі Асхат Шахаров «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірге жұмыс сапарымен келген «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесті.

 Кездесу барысында өңірдегі шағын және орта бизнесті дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері талқыланды. Облыста бүгінде 93 мыңға жуық кәсіпкер тіркелген. ШОБ саласында 185,1 мың адам жұмыспен қамтылған.

 Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде Ақтөбе облысы жеңілдетілген несиелер көлемі бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан кейінгі орында тұр. 2025 жылдың қорытындысында 864 жоба қолдау тапқан. Оның ішінде 508 жоба субсидиялау, 331 жоба кепілдендіру, 14 жоба инфрақұрылым тарту және 11 жоба гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жоғары.

 Аймақ басшысы өңірдің көшбасшылар қатарына шығуына «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының белсенді жұмысы да ықпал еткенін атап өтті. Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында үшжақты келісімдер жасалып, «Қазақстанның үздік тауары» көрмесі мен салалық кеңестер тұрақты өткізіліп келеді. 2025 жылы 40-тан астам үшжақты келісімге қол қойылған.

 Инвестициялық жобаларға да ерекше назар аударылды.

 «Атамекен»-мен тығыз өзара іс-қимылдың арқасында біз отандық тауар өндірушілердің тізілімін белсенді түрде енгізіп, стратегиялық инвестициялық жобаларды сүйемелдеп келеміз. Біздің өңірлік палатамен «ашық есік» форматы бизнес құқықтарын қорғаудың сенімді көпіріне айналды, әрі алдағы уақытта да өңірдегі іскерлік ахуалды жүйелі түрде нығайтамыз деп сенеміз», – деп атап өтті облыс әкімі Асхат Шахаров.

«Біздің мақсатымыз – бюрократиялық кедергілерді жойып, бизнес пен мемлекет арасындағы нақты тәжірибелік көпір болу», – деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

 Жиын соңында өңір басшысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасын бизнес пен мемлекет арасындағы «алтын көпір» деп атап, өңірдегі кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы бірлескен жұмыстың жалғасатынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1175839?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version