Бүгін, 5 наурыз күні облыс әкімдігінің Астана мәжіліс залында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға комиссия мүшелерімен қатар облыс прокуратурасының өкілі және жеке сот орындаушысы қатысты.
Отырыста бірқатар өзекті мәселелер қаралды:
– Мердігер ұйымдардағы жалақы берешегі және қызметкерлер алдындағы міндеттемелерді орындау мәселесі;
– Жұмыс берушілердің салықтық және әлеуметтік төлемдерді уақытылы әрі толық төлеуін қамтамасыз ету;
– Облыстық үшжақты комиссия отырыстарында көтерілген мәселелердің орындалу барысы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, жауапты тараптарға нақты тапсырмалар жүктелді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-social/press/news/details/1175750?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау