«Қауіпсіз газ баллон» акциясы аясында Ақтау қаласындағы қоғамдық тамақтану нысандарында профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 5 наурызда Ақтау қаласының ТЖБ қызметкерлері, өнеркәсіптік басқармасы және қала әкімдігі өкілінің қатысуымен қала аумағындағы қоғамдық тамақтану нысандарының өртке қарсы жағдайы бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Іс-шара барысында ерекше назар келесі мәселелерге аударылды:
• Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық талаптарын сақтау;
• эвакуациялық шығу жолдарының жағдайы мен қолжетімділігі;
• газ жабдықтарын пайдалану ережелерінің сақталуы.

Іс-шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қоғамдық тамақтану нысандарының иелері мен әкімшілерін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Маңғыстау облысы ТЖД

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1175748?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version