«ҚР Сайлау туралы» Заңына сәйкес, 2026 жылғы 1 наурыз күні Қызылащы ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тағайындау

«ҚР Сайлау туралы» Заңына сәйкес, 2026 жылғы 1 наурыз күні Қызылащы ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Осыған орай, Қызылащы ауылдық округінің әкімін тағайындауға байланысты жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесу өтті. Сайлау қорытындысына сәйкес, Алакөл ауданы аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы негізінде Санкаев Даулет Амирович Алакөл ауданы Қызылащы ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.

Даулет Амирович Үшарал қаласында дүниеге келген, ұлты – қазақ, жоғары білімді. Жалпы еңбек өтілі – 30 жыл.

Кездесу барысында аудан әкімі А.Абдинов жаңадан тағайындалған округ әкіміне жүктелетін негізгі міндеттер нақтылап, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын ілгерілету, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1175836?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version