Департаментте 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мерекелік күні әйелдердің кәсіби жетістіктері, еңбегі және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі атап өтілді.
Департамент басшысы Иманкулова Б.С. қызметкер әйелдерді мерекемен құттықтап, олардың адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін шынайы алғысын білдірді. Құттықтау сөзінде ол әйелдерге зор денсаулық, амандық, көктемгі көңіл-күй, қызметте табыс және отбасыларына бақыт тіледі.
Мереке қарсаңында денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Уразова Баян Курмансалықовна «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1176477?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау