Төтенше жағдайлар саласында қызмет ету тек батылдық пен кәсіби дайындықты ғана емес, сонымен қатар мықты психологиялық төзімділікті талап етеді. Осындай жауапты қызметте құтқарушыларға қолдау көрсетіп жүрген мамандардың бірі – Жамбыл облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы Шайхиева Жанель Сабыруллаевна. Жанель Сабыруллаевна азаматтық қорғау органдарында 2013 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Ол құтқарушыларға психологиялық қолдау көрсетіп, күрделі жағдайлардан кейін олардың эмоционалдық күйін қалпына келтіруге көмектеседі. Сонымен қатар төтенше жағдайға тап болған азаматтарға да психологиялық көмек көрсетеді. Өз ісіне адалдығы мен жоғары кәсібилігінің арқасында Жанель Сабыруллаевна ұжым арасында үлкен құрметке ие.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1176476?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау