🌐Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қанат Шарлапаев өңір кәсіпкерлерімен кеңейтілген кездесу өткізді.
📌Іс-шараға 100-ден астам бизнес өкілі қатысты, бұл іскер қауымдастықтың мемлекеттік органдармен диалогқа және кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға жоғары қызығушылығын көрсетеді.
🔹Кездесуде облыс әкімнің орынбасары Абзал Әбдікәрімов кәсіпкерліктің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.
Бүгінде облыста 92,9 мың шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген, олардың 86,8 мыңы белсенді жұмыс істейді. ШОБ саласында 185 мыңнан астам адам еңбек етеді, ал өңірлік жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 28,8%-ды құрайды.
Кәсіпкерлікті қолдау шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. 2025 жылы екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген несиелеуге 13,1 млрд теңге бөлініп, 800-ден астам кәсіпкерлік жоба қолдау тапты.
🔸Қанат Шарлапаев Ұлттық палатаның қызметі заманауи талаптарға сай жаңғыртылып жатқанын атап өтті:
💭«Мақсатымыз – бизнесті кәсіби тұрғыда қорғауды күшейту және мемлекеттік органдармен диалогты нығайту. Ұлттық палатаның ұстанымы нақты талдауға, есепке және шынайы экономикалық әсерді бағалауға негізделеді», – деді ҰКП басшысы.
Кездесу барысында кәсіпкерлер салық салу, су ресурстарымен қамтамасыз ету, аграрлық тәуекелдер, логистика, мемлекеттік сатып алуға қолжетімділік және әкімшілік кедергілерді азайту мәселелерін көтерді.
✅Мұндай кездесулер бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтып, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен жұмысты жүйелі түрде жалғастыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/1176727?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау