Кәсібилік пен құрмет: Энергетика министрі сала аруларына мемлекеттік наградалар табыстады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов отын-энергетика кешенінің қызметкерлерімен және ардагерлерімен салтанатты кездесу өткізді.

Ведомство басшысы әріптестерін құттықтай отырып, еліміздің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы – әйелдер қауымы негізгі рөл атқаратын ұжымдық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.

«Энергетика саласы темірдей тәртіпті, жоғары құзыреттілік пен төзімділікті талап етеді. Біздің салада мыңдаған кәсіби маман әйелдердің еңбек етіп жүргенін мақтан тұтамыз. Сіздер күрделі процестерді сәтті басқарып, инновацияларды енгізіп қана қоймай, біздің қатал жұмысымызға үйлесімділік пен парасаттылық сыйлап келесіздер», — деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

Кездесудің маңызды бөлігі марапаттау рәсімі болды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін бірқатар қызметкерлер жоғары марапаттарға: «Құрмет» орденіне және «Ерен еңбегі үшін» медальдарына ие болды.

Бұдан бөлек, ведомство басшысы салалық ерекшелік белгілерін табыстады. Басқарушылық, инженерлік және сараптамалық жұмыстарда жоғары нәтиже көрсеткен мамандар «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медальдарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1176726?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version