Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде 8 наурыз мерекесіне орай әйелдер қауымы әспеттелді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында әйелдер қауымын құттықтауға арналған салтанатты рәсім өтті.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мерекемен құттықтау сәтінде күн сайын ел экономикасының негізгі салаларының дамуына, сондай-ақ ведомство қызметінің тиімді жүзеге асырылуына зор үлес қосып отырған әйел қызметкерлердің кәсібилігі мен жауапкершілігін атап өтті.

«Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіздің, өз істеріңізге үлкен жауапкершілікпен, ыждаһаттылықпен қарауларыңыздың арқасында маңызды жобалар табысты жүзеге асырылып, стратегиялық міндеттер мен Мемлекет басшысының тапсырмалары орындалып келеді. Сонымен қатар ештеңемен өлшеуге келмейтін –  даналық, мейірімділік, шыдамдылық және басқаларды шабыттандыра білер қабілет сынды асыл қасиеттер Сіздердің бойларыңыздар әрдайым табылады», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 3 наурыздағы №1189 Жарлығына сәйкес Ерсайын Нағаспаев еліміздің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі және мінсіз қызметі үшін «Шымкентцемент» ЖШС-ның жетекші зертханашысы Айжамал Кептаеваны «Құрмет» орденімен, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің бас сарапшысы Айман Байназарова мен  «Мемсараптама» РМК сарапшысы Гүлнар Шалабекованы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Іс-шара соңында министр әйел қызметкерлерге адал еңбектері мен тыңғылықты істері үшін алғыс айтып, мықты денсаулық, отбасыларына амандық, шабыт пен кәсіби тұрғыда жаңа жетістіктер тіледі. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1176810?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version