Қаржы министрі Мәди Такиев ведомство қызметкерлерін мерекемен құттықтап, олардың отандық қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Ведомство басшысы айтқандай, әйелдер министрліктегі ұжымның едәуір бөлігін құрайды және олар барлық бағытта табысты қызмет етіп келеді.
Атап айтқанда, нәзік жандылар жауапты міндеттерді абыроймен атқарып келеді: бюджет қаражатын қазынашылық сүйемелдеу, салықтар мен кедендік рәсімдерді әкімшілендіру, аудиторлық тексерулер жүргізу, облыстар мен аудандарда мемлекеттік мүлікті басқару.
“Құрмет” орденімен:
Бибінұр Құрмашева – ҚР Қаржы министрлігі департаментінің директоры,
Гүлмира Смағұлова – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының басшысы марапатталды.
“Ерен еңбегі үшін” медалімен:
Анар Қалиева – ҚР Қаржы министрлігі департаментінің директоры,
Гүлмира Нұрпейіс – ҚР Қаржы министрлігі басқармасының басшысы,
Зибагүл Утина – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасының бас маманы
Наталья Помогаева – ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Тайынша ауданы бойынша аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары марапатталды.
Бұл марапаттау қаржыгерлердің еліміздің экономикасын дамытуға және бюджет жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесіне орайластырылды.
Мәди Төкешұлы әйелдер қауымына зор денсаулық, амандық және қызметте тың жетістіктерге жетуді тіледі. Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен түйінделді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1176997?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау