ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Көктем мезгілінің келуіне орай Түркістан қаласында санитарлық тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау және қаланың көркін жақсарту мақсатында биылғы жылдың алғашқы жалпықалалық сенбілігі ұйымдастырылды. Табиғаттың жаңарып, айнала жасыл түске ене бастайтын бұл кезеңде қала аумағын тазарту, қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстары ерекше маңызға ие.
Тазалық шарасына қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдердің қызметкерлері, 6 сектор мамандары, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің ер-азаматтары белсене қатысты. Олар ағаштарды бұтап, шөптерді орып, жол жиектерін тазалап, қоқыстарды жинап, арық-атыздарды тазартты. Нәтижесінде қала аумағындағы санитарлық жағдай жақсарып, бірқатар аумақтар тазартылып, ретке келтірілді.
Тазалық – баршаға ортақ іс екенін ескерсек, әрбір тұрғынның да туған қаласының, үйінің айналасының көркеюіне үлес қосуы өте маңызды.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1176995?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version