АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
 
Қабылдау барысында аудан әкімі Ленгір қаласындағы апатты жағдайдағы тұрғын үйлердің иелерімен кездесіп, тұрғын үй құжаттарына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, сала басшылары тарапынан тиісті кеңестер берілді.
 
Кездесу барысында жер мәселесіне байланысты туындаған бірқатар түсінбеушіліктер қаралып, осыған орай Төлеби ауданының жауапты мамандарына Қазығұрт ауданымен бірлесе отырып, мәселені заң аясында шешу жолдарын қарастыру жөнінде тапсырма берілді.
 
Сондай-ақ, Бірінші Мамыр және Қаратөбе ауылдық округтерінің тұрғындары жер мәселесіне қатысты сұрақтарын қойып, сала басшыларынан қажетті түсіндірмелер мен кеңестер алды.
 
Қабылдауға келген тұрғындардың қатарында балық шаруашылығын дамытуға ниетті кәсіпкер де болды. Ол өз жобасына қатысты ұсыныстарын білдіріп, туындаған мәселелер бойынша тиісті сала мамандарымен пікір алмасты.
 
Кездесу барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы халық үніне құлақ асу, тұрғындардың өтініштерін тыңдап, ұсыныс-пікірлеріне назар аудару маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, осы бағыттағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1177822?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version