Қарағаш ауылдық округіне қарасты Самбай ауылдық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағаш ауылдық округіне қарасты Самбай ауылдық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға ауыл тұрғындары, көпбалалы аналар, ардақты әжелер және түрлі салада еңбек етіп жүрген әйелдер қауымы қатысты. Мерекелік концертті ауыл әкімі Ғ.Ж. Қаратаев ашып, жиналған қауымды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар ауылдың қоғамдық өміріне белсенді қатысып, еңбек етіп жүрген бірқатар әйелдер қауымы Алғыс хаттармен марапатталды.

Концерттік бағдарлама барысында мәдениет үйінің қызметкерлері мен өнерпаздары ән айтып, би билеп, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара соңында әйелдер қауымына құрмет көрсетіліп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жылы әсер қалдырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karaagash/press/news/details/1177823?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version