Бүгін, 6 наурыз күні, Ақордада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Маңғыстау өңірінің білікті ұстазы, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің директоры Зарипа Есенбайқызы Шолтанова Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Құрмет» орденімен марапатталды.
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында ұстаздар отбасында дүниеге келген ол еңбек жолын 1991 жылы Құрық кентіндегі мектепте ағылшын тілі мұғалімі болып бастап, бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру саласында 30 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі педагог, білікті басшы.
Зарипа Есенбайқызының жетекшілігімен колледж көптеген жетістіктерге жетіп, студенттері республикалық және халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаттарында жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Білім саласына шын жанашыр, ашық көңілді, ақжарқын мінезімен көпшілікке үлгі болып жүрген осындай ардақты аналарымыз аман болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/1177224?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау