Республикалық «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» байқауының облыстық кезеңінің баспасөз хабарламасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2026 жылдың 12-13 наурыз күндері «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» жас педагогтердің  VIII республикалық байқауының  облыстық кезеңінің өтетінін хабарлайды.

Мақсаты – жас педагогтердің мәртебесін және шығармашылығын арттыру, инновациялық белсенділіктерін дамыту, кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау.

Қатысушылар: жалпы орта білім беретін мектептердің еңбек өтілі 0-3 жыл аралығындағы  аудандық/қалалық кезең жеңімпаздары.

Байқау: 3 турдан тұрады:

І. «Шығармашылық жолдың  бастамасы».

ІІ. «Заманауи сабақ».

ІІІ. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асырудағы педагогикалық тәжірбие.

Өткізу уақыты: 12-13 наурыз 2026 жыл.

Өтетін орны:  ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 15 орта мектебі» КММ (Севастопольская 6),

 

Жауапты: Ж. С. Махмутова (87759279784)

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1177223?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version