ШҚО-да жаңа туған егіздер ТЖМ тікұшағымен тасымалданды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданынан санитарлық авиация желісі бойынша шақырту түсті. Облыс орталығындағы медициналық мекемеге жаңа туған егіздерді шұғыл түрде әуе арқылы жеткізу қажеттілігі туындады.

“Қазавиақұтқару” жоғары білікті экипажы — Руслан Агламбеков, Азамат Кабден және Айдар Мамырханов — санитарлық авиация дәрігерлері Жұлдыз Абулова мен Татьяна Сергеевамен бірге тікұшақпен әуеге көтеріліп, ана мен сәбилерді Өскемен қаласына жеткізді.

ТЖМ “Қазавиақұтқару” ұшқыштары тіпті ең күрделі жағдайларда да тікұшақты басқара алады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1177609?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version